Клиентті Басқару серверімен синхрондау

Бұл сценарий, клиент құрылғысы мен Басқару сервері арасындағы деректер белсенді түрде синхрондалып жатқан кездегі басқару жүйесінің күйін сипаттайды. Клиент құрылғылары Басқару серверіне әкімші белгілеген кезеңмен қосылады. Басқару сервері клиент құрылғысындағы деректердің күйін Сервердегі деректердің күйімен салыстырады, дерекқорда клиент құрылғысын соңғы рет қосу туралы деректерді тіркейді және деректерді синхрондайды.

Бөлімде, клиентті Басқару серверіне қосып, синхрондау кезіндегі негізгі басқару сценарийлері үшін жұмсалатын трафик шығыны туралы ақпарат келтірілген ( төмендегі кестені қараңыз). Кестедегі деректер антивирустық дерекқордың ағымдағы нұсқасына байланысты біршама ерекшеленуі мүмкін.

Трафик шығыны

Сценарий

Клиент құрылығыларынан Басқару серверіне дейінгі трафик, КБ

Басқару серверінен клиент құрылғыларына дейінгі трафик, КБ

Жалпы трафик (бір клиент құрылғысы үшін), КБ

Клиент құрылғысында дерекқорларды жаңартуға дейін алғашқы рет синхрондау

699,44

568,42

1267,86

Клиент құрылғысында дерекқорларды жаңартқаннан кейін алғашқы рет синхрондау

735,8

4474,88

5210,68

Клиент құрылғысы мен Басқару серверінде өзгерістер болмаған кезде синхрондау

11,99

6,73

18,72

Топ саясатында бір параметр өзгерген кезде синхрондау

9,79

11,39

21,18

Топтық тапсырмада бір параметр өзгерген кезде синхрондау

11,27

11,72

22,99

Клиент құрылғысында өзгерістер болмаған кезде күштеп синхрондау

77,59

99,45

177,04

Жалпы трафиктің көлемі, басқару топтарының ішінде көп мекенжайлы IP таратылымының қолданылып-қолданылмауына байланысты айтарлықтай өзгереді. Мекенжайлы IP таратылымын қолданған жағдайда, топ үшін жалпы трафик шамамен N есе азаяды, мұндағы N – басқару тобындағы қосылған құрылғылардың саны.

Бастапқы синхрондау кезінде дерекқорларды жаңартуға дейінгі және одан кейінгі трафик көлемі келесі жағдайлар үшін көрсетілген:

Кестеде Kaspersky Endpoint Security саясатының параметрлеріне кіретін қорғаныс параметрлерінің бірі өзгерген кездегі трафик көлемі көрсетілген. Саясаттың басқа параметрлеріне арналған деректер кестеде көрсетілген деректерден ерекшеленуі мүмкін.

Басына оралу